Қызылорда облысында 1974 жылғы ескі төлқұжатпен жүрген азамат жаңасын алды

473

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында Кеңес одағы паспортымен жүрген азамат жаңа жеке куәлігін алды.

Қызылорда облысы Қазалы аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесіне Кеңес одағының 1974 жылғы ескі үлгідегі қызыл төлқұжатымен жүрген азаматтан өтініш түсті. 

«Полиция қызметкерлері аталған азаматтың Қазақстан азаматтығына қатысты құжаттарын жинақтады. Сол бойынша құжаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жаңа жеке куәлігіне қол жеткізген азамат полиция қызметкерлеріне алғыс айтты», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында алименттен жалтарған 154 борышкердің құмар ойынға 250 млн теңге салғаны анықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<