Күй атасы – Құрманғазы

1340

0

Бүгін дәулескер күйші Құрманғазы Сағырбайұлың 200 жылдығына  және  Ұлттық домбыра күніне орай А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Күй мен күйші» атты ұлт-аспаптар оркестрі концертмейстерлерінің  республикалық фестивалі өтті.

Өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған фестивальге он екі күйші қатысты. Еліміздің әр өңірінен келген күйшілер қос ішектен күмбірлете күй төгіп, көрерменге рухани азық сыйлады.

Кеш қорытындысында дирижерлер Кеулімжай Ботабаев, Мүсілім Әмзе және күйші Гүлнар Ысқақова шараның жоғары деңгейде өткізілгенін атап өтіп, өнерпаздарды арнайы алғыс хаттармен марапаттады.                                                                      

Айта кетейік, фестивалге қатысушылар ертең 1 шілде күні кешкілік Президент саябағында өтетін Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты мерекелік гала концертте өнер көрсетеді.

                                                                                 Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<