Күмәнді жобалардан сақтаныңыздар!

998

0

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, азаматтарды, қысқа уақытта қомақты қаржы табуға шақыратын күмәнді жобалардан сақтануға шақырады.

Қаржы пирамидасы – бұл көп жағдайда күмәнді инвестициялық жүйе, және ол үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 бабымен қылмыстық жауапкершілік қаралған. Мұндай жүйе салымшылары өзінен кейін кіретін қатысушылар есебінен пайда табады. Сондықтан, қаражат ағыны тоқтаған кезде басқа қатысушылар табыссыз қалады.

Республика бойынша экономикалық тергеу органдарымен үстіміздегі жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 бабымен 30 қылмыстық іс қозғалған. Оның 16-сы айыптау қорытындысымен сотқа жолданып отыр.

Егер Сізге, «өте қарқынды дамып келе жатқан» компанияға кіруді және жоғары процентпен қаражатыңызды жылдам қайтаруды ұсынса, тәуекелге бармай тұрып – тексеріңіз:

– Аталған компания ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салық төлеуші ретінде тіркелген бе?

– Компанияда ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар ма?

Құрметті азаматтар, егер Сіз қаржы пирамидасына тап болсаңыз немесе осындай пирамидаға Сіздің таныстарыңыз немесе жақындарыңыз тартылған болса, құзыретті органдарға жүгінуіңізді сұраймыз.

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің 8 (7172) 70-84-78 нөмірлі, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 8 (7242) 21-52-09 нөмірлі сенім телефондары тәулік бойы қосулы.

ҚР ҚМА

Қызылорда облысы бойынша

экономикалық тергеп-тексеру департаментінің

баспасөз қызметі

8 (7242) 21-67-47

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<