«Күміс алқа» наградасы табысталды

536

0

Бүгін, Қазақстан Республикасы Президентінің №379 Жарлығымен «Күміс» алқа наградасы Жалағаш ауданы бойынша 8 көп балалы анаға табысталды. Қазіргі таңда ауданымызда 1382 көп балалы отбасы есепте тұрады. Көп балалы ана, наградталғандар саны – 1018. Оның ішінде 44 ана І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталса, Кеңестер Одағының «Батыр ана» атағына ие болған аналар саны 40. Бүгінгі күнге дейін көп балалы аналарымыз 304 «Алтын алқа» және 630 «Күміс алқа» иегерлері атанды.

2023 жылдың 9 ай қорытындысымен көпбалалы наградталған аналарға 199,7 млн. теңге, көпбалалы отбасыларға 777,3 млн. теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді.

Өздеріңізге белгілі, 2022 жылғы Президент жолдауында биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылып, балалардың ең маңызды шағында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болатындығын атап өтті.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыруды тапсырып, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынды.

Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатындығын айтып өтті. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<