Күн салқындайды

898

0

23-25 шілде аралығында Қазақстанда күн салқындап, нөсер жауын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны Қазақстан аумағына жаңбыр әкеледі. Елдің солтүстік бөлігінің кей жерінде нөсер жауын болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл, қатты жел соғып, бұршақ жауады, ауа температурасы төмендейді.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының өзгеруіне байланысты ескерту жарияланды: 23 шілдеде күн күркіреп, бұрқасын болады, солтүстік-шығыс және шығыстан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<