Күн суытады

331

0

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 15 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ, күндіз шығыста жауын-шашын, 16 қазанда түнде облыстың шығысында қар, көктайғақ болатынын хабарлайды.

15-16 қазанда түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с жел соғады. Облыстың солтүстігінде 2 градус үсік жүруі ықтимал. 15-16 қазанда одан әрі төмендеп, түнде 1-6 градус үсік болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<