«Сыбайлас жемқорлық» ұғымының өзі ұзақ уақыт бойы экономистер, саясаттанушылар, социологтар және басқа да қоғамтанушылардың қызу пікірталасының өзегіне айналды. Онымен күресуде әр мемлекет әртүрлі әдіс қолданады. Біздің елімізде де барынша жолға қойылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңда сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екені атап көрсетілді. Бұл заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту – бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.
Қазір қоғамдағы келеңсіз әдеттің жолын кесіп, жоюға бағытталған көптеген іс-шаралар қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр. Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы болуға тиіс. Қоғамды жегідей жеген қауіпті індетпен көп болып күресуіміз керек әрі оны еліміздің барлық азаматтарының азаматтық борышы деп түсінуіміз қажет.
Бауыржан ДЕМЕУ,
Қызылорда қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<