Жалағаш ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер, «Бірлік Агро» шаруа қожалығының төрағасы Мұрат Елеусінов – іскер азаматтардың бірі. Ол кәсібін өрістетіп, өндіріс аясын ұлғайту мақсатында Ақсу ауылдық округінің автомобиль жолы бойынан жалпы құны 30 млн теңгені құрайтын күріш ақтау және құрама жем өндіру цехының құрылыс жұмыстарын бастады.
Мемлекеттік қолдау шаралары ретінде ауылдық округ аумағынан цехқа көлемі 3 гектар жер табысталды. Ал құрылыс жұмыстары кәсіпкердің өз қаражатына жүргізіледі.
Күріш ақтау цехы биылғы жылдың қазан айында аяқталып, тәулігіне 10 тонна күріш салысын ақтайды деп күтілуде. Жоба толығымен жүзеге асқаннан кейін ауыл азаматтары тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<