Күріш орағы жалғасуда

149

0

Биыл дақылдарды тұрақты суаруға 3,7 млрд текше метр су лимиті белгіленген. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының   мәліметіне қарағанда, өңірде барлығы 189,4 мың гектарға егiн егілді. Ал негізгі дақыл  – күрiштің көлемі 85,6 мың гектар. Дәндi дақылдар 96,8 мың, майлы  дақылдар 4,8 мың, малазықтық дақылдар 70,2 мың, картоп, көкөнiс, бақша 17,6 мың гектарды құрайды. Жалпы егін көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3,9 мың гектарға кеміп, оның ішінде күріш көлемі 3,4 мың гектарға қысқарған. Биыл егінді әртараптандыру бағытында қосымша  соя  111 гектарға, қант құмайы 240 гектарға,  дән жүгері 1 мың гектарға, сүрлем жүгері 1,3 мың гектарға жеткізілген.

Бүгінде ала жаздай тынбай еңбек еткен шаруалар егін жинау, мал азығын дайындау науқанын өткеруде. 9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, шаруашылық құрылымдары күтімге алынған 47,9 мың гектар ескі жоңышқаның 2,5 мың гектарын тұқымға қалдырып отыр. Бірінші орымнан 121,3 мың тонна жоңышқа дайындалды, орта өнім гектарына 26,7 центнерден алынды. Қазіргі таңда  екінші орымы аяқталып, 113 мың тонна жоңышқа жиналды, орта өнім      25 центнерден келді.  Сонымен қатар, 20,6 мың гектар жаңа жоңышқа толығымен жиналып, 19,8 мың тонна өнім алынды. Орта өнім – гектарына 9,6 центнер. Еңбеккерлер 1,3 мың гектар сүрлем жүгерінің 155 гектарынан 702 тонна, 4,1 мың гектар күздік бидайдан  7,5 мың тонна, 5,3 мың гектар  жаздық бидайдан   4,9 мың тонна,    287 гектар арпадан 185 тонна, 1 мың гектар дән жүгерінің  875 гектарынан 3,1 мың тонна,  тарыдан  360 тонна, майлы дақылдан 4,6 мың тонна, картоп, көкөніс, бақша дақылдарынан  95,9 мың тонна өнім алды. 

Қазіргі кезде  күріштің 12 мың гектары орылып, 7,9 мың гектары бастырылды, 36,5 мың тонна өнім алынып, орта өнім гектарына 46,2 центнерді құрады.

Бүгінде ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің қолда бар 4440  техникасы күзгі егін жинау науқанына қатысуда.

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<