Күш – бірлікте

296

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолына ауа-райының қолайсыздығына байланысты көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Жолаушылар ауданда күре жолдың бойында орналасқан кешендерге тоқтауда. Бірнеше күннен бері жолаушыларға түрлі көмектер көрсетілуде.

Бүгін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «ОАЗИС» кешенінде 500-ден аса жолаушыға кешкі ас пен сусындар берілді. Сонымен қатар, кешен әкімшілігі жолаушылардың жүк көліктерін тегін тұрақтатуға мүмкіндік беруде.

Аудан волонтерлері жолаушыларға қолғабыс етіп, көмек көрсету шараларын жүргізуде. Полиция қызметкерлері тәртіптік жағдайды бақылауға алса, медицина өкілдері дер кезінде жолаушыларға тиісті дәрігерлік көмек көрсетуде.

Барлық кешендерде азық-түлік, дәрі-дәрмек және ауыз су толығымен жеткілікті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<