Күзгі әскерге шақыру басталды

283

0

Сурет ашық дереккөзден

Президент Жарлығына сәйкес қыркүйек айынан азаматтарды мерзімді әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Науқан жыл соңына дейін жалғасады. Биыл облыс бойынша 800-ден астам азамат Отан алдындағы борышын өтеуге жіберілмек. Бұл туралы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Жасұлан Шаңқұлов айтты.

– Облыс азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Ең әуелі 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтарға шақыру қағазы жолданады. Азаматтар  көрсетілген мекен-жайға келіп, медициналық сараптамадан, тесттен және полиграфиялық тексерістен өтеді. Биылғы жоспар бойынша ҰҚК Шекара қызметіне  170, Ұлттық ұланға 280, мемлекеттік күзет қызметіне 10, ал Қарулы күштер қатарына 420 азамат жіберілетін болады, – деді Жасұлан Бөгенбайұлы.

Әр  шақыру науқаны үлкен дайындықпен басталады. Азаматтармен жеке әңгімелесу өткізіліп, сол арқылы моральдық, физикалық ахуалына баға беріледі және қаншалықты дайын екені байқалады. Осыдан өткендер ғана медициналық комиссияға жіберіледі. Тұрғылықты жеріне байланысты аудандық, қалалық комиссиялардан өтеді. Одан кейінгі кезең – облыстық медициналық комиссия.  Осы жерде  нақты шешім шығарылады. Әскерге шақырылғандар үшін 45 орындық казарма, сонымен бірге үш мезгіл тамақ қарастырылған.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<