Күзгі шақыру қызу шағында

671

0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 1 қыркүйектен бастап күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңі басталғаны белгілі. Мерзімді әскери қызметке шақыру облыстық, қалалық және аудандық шақыру комиссиялары мен жергілікті атқарушы органдар әкімдері орынбасарларының қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл туралы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің көшпелі брифингінде айтылды. 

Осы жылдың 31 желтоқсанына дейін Қызылорда облысынан 800-ге жуық жасты әскерге аттандыру жоспарланған. Оның ішінде ҚР Қарулы күштерінің қатарына 350-ге жуық, Ұлттық ұланға 270-тен астам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 150-ге жуық және Мемлекеттік күзет қызметіне 4 адам шақырылады. Бүгінде 250-ге жуық Сыр жасы әскер қатарында қызмет етуге аттанып үлгерді.

− 300-ге жуық жас тексеруден өтсе, олардың 23 пайызы жарамсыз. Олардың арасында неврологиялық, бел, көз ауруы, терапиялық сырқаттар көп кездеседі. Уақытша жарамсыз жастарды емделуге жолдадық. Айта кетсек, жоғары білімі, мамандығы бар азаматтар жақсы нәтижелер көрсету арқылы келісімшарт бойынша әскери қызметке орналаса алады, − дейді  облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті медицина қызметінің бастығы Бауыржан Парменов.

Осы көшпелі брифингте облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Ғалымжан Тасжанов бір топ жастарға  сәттілік тілеп, әскер қатарына шығарып салды.

Гүлбану Мақажан,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<