«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық шарасы

1054

0

Қызылорда облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықты ескерту, жолын кесу және жедел ахуалды сауықтыру мақсатында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

17 наурыз күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандағы  жолдардың бірінде жол ережесін бұзған жеңіл автокөлікті тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің автокөлікті құжатсыз және спирт ішімдігін ішіп, басқарғаны белгілі болды. Мас жүргізуші 2021 жылы сот шешімімен 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Тәртіп бұзушы полицияға жеткізіліп, ал автокөлік айып алаңына қойылды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<