Күз мезгілі де аяқталуға таяу. Қараша айы енді келсе де, еліміздің көп өңіріне қар түсіп, күн суытып, қыс келгендей әсер қалдырып жатыр. Күнтізбеде әлі күзді көрсетіп тұрған кезде, бізден сізге күз туралы бірнеше дерек болсын.
Күз мезгілінде өмірге келген адамның жүзге дейін жасауға мүмкіндігі бар. 2011 жылы Америка ғалымдары ұзақ өмір сүретін тұрғындарға зерттеу жүргізіп, олардың басым бөлігі қыркүйек пен қараша аралығында дүниеге келгенін анықтаған. Адам физиологиясы жыл мезгілдерімен тығыз байланысты. Күзде барлығы еселенетін уақыт. Жаз кезінде гормондар саны құлдырайтын болса, барлық жыл мезгіліне қарағанда күзде гормондар саны шеткі нүктеге дейін жетеді. Жүктілік кезеңді жоспарлауға да осы ең қолайлы уақыт болмақ.
Күз – саяхатшылар үшін ең жақсы мезгіл. Жазғы демалыс пен жаңа жылдық демалыс аралығында ұшақ билеттері ең арзан бағаға түседі. Жол сандыққа заттарыңызды жинап, әлі де салқын түсе қоймаған елге ұшып кетсеңіз болады. Жаздың соңғы лебін сезініп, жақсылап қоштасып алуға мүмкіндік бар. Күзде тоқу машығын игеруге болады. Иә, әрине, бұл өнерді жылдың кез келген мезгілінде меңгеруге мүмкіндік бар. Алайда суық мезгілдің ауылы алыс емес екенін шын сезінгеннен кейін тездетіп үйреніп, пайдаға жарайтын нәрсе тоқып, қолдануға асығасыз. Тоқуды үйренген адамдардың 90 пайызы өз хоббиінен ләззат алатынын айтқан.
Күз мезгілін ұнатпайтын адамдар да бар. Алайда әр мезгілдің өзіндік кереметі болады. Күзде жапырақтардан төселген кілемнің өзінен ләззат алуға болады, айнала түрлі түсті реңге боялып, әсем күйге енеді. Ал экваторға жақын тұратын халық үшін мұндай төрт мезгілдің кереметіне куә болу бақыты бұйырмаған. Ол жақта үнемі бір температура болады, ал қыс пен жаз бір-бірінен жауын-шашын мөлшерімен ғана ерекшеленеді. Сондықтан күз де өзінше бір тамаша мезгіл.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<