Ләйлә Сұлтанқызы: «2 миллионға алдап кетті»

273

0

Фото: ашық дереккөз

БАҚ өкілі бастапқы жарнасын ғана төлеп үй аламын деп алданып қалған әжейдің оқиғасын баяндады. 

“2 миллионға алданған апам-ай. Бұл – алдаудың жаңарған ескі түрі. Таныс апам бала-шағасына айтпай, 1 жыл көлемінде бір компанияға 70 мың-150 мың арасында ақша салып жүріпті. Оны «Үй ұтып алу мүмкіндігі бар» деп арбаған. Осыдан шамамен екі апта бұрын әлгі компанияның өкілі хабарласып, «сіз үй ұтып алдыңыз» деп, құрылысы күшті 4 бөлмелі үйдің видеосын жіберген ғой. «Әй, осыған дейін қайда болдыңдар?» десе, «Компанияның бастығы өліп қалып, банкрот болды. Соны жаңа бастық сатып алып, розыгрышты қайта жасап жатыр» депті. Ой, бұл бергі жағы. Бір кезде не аты, не заты жоқ ауызекі тілде жазылған «келісімшарт» жіберген. Ол жерде әлгі квартира 70 миллион теңге тұрады екен. 10 пайыз салығын компания өзі төлейді екен-мыс. Апамыз тек 232450 теңге ғана төлеуі керек. Әлі қызық алда”, – деп бастады әңгімесін журналист. 

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, әжей балаларының сөзін тыңдамай 2 миллион теңгедей ақшаны алаяқтарға аударып жіберген.

“Апамыз балаларының «өтірік» деген сөзін тыңдамай, тағы ақша аударды. Бір жағынан ол кісіні де түсінуге болады. Жасы 76-да, біреу хабарласып, «апа, үй ұттыңыз. Астанаға келесіз, билетін өзіміз алып береміз» деп әбден іші-бауырына кірген. Оның үстіне менеджердің аты Ислам болса… Енді не үй, не ақша жоқ. Бірақ апа әлі сенеді. Ауылда бәріміздің аға-жеңге, апа-жезде, ата-әжеміз бар ғой. Бір хабарласып, қал сұрап қойсаңыздар екен. Бұл оқиғаны да бөлісейік. Біреудің ақшасы қалтасында қалар бәлкім…», – деп ескерту жасады журналист. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<