Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде өзіне қойылатын топ 3 сұрақты атады

329

0

Фото: ашық дереккөз

Ләйлә Сұлтанқызының осыдан біраз уақыт бұрын жолдасы өмірден өтті. Тележүргізуші әлеуметтік желіде көпшіліктің өзінен екінші рет тұрмысқа шығу туралы ойын сұрайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі тележүргізушіден «Екі келінмен бірге тұруды жөн көресіз бе?», – деп сұраған. Ал Ләйлә Сұлтанқызы алдымен ұлдары үйлену керектігін айтты.

«Екі келінмен бірге тұрамын ба? Әлде келіндер менімен бірге тұрады ма? Бірінші үйленсін. Сосын менің асханама, қазаныма үйренсін. Сосын дамысын, оқысын», – деп жауап берді Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында. Сонымен қатар Сұлтанқызы өзіне жеке сұрақтардың көп қойылғанын атап өтті. «Сұрақтарды қарап шықтым. Тым жеке сұрақтар көп екен. Топ үш сұрақтың ішінде «Екінші рет тұрмысқа шығасыз ба?», «Қай келінмен тұрасыз?» дегені бар. Сондай-ақ күтім жайлы сұраған», – деп жазды тележүргізуші.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<