Лагерь жазы көңілді

643

0

Бүгін «Жалын – 2023» жазғы демалыс лагерінің I ауысымы салтанатты түрде ашылды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Б. Сәрменбаев қатысып, «Жалын» сауықтыру лагерінің жаңа маусымының ашылуымен құттықтап, тынығушы оқушыларға лагерь қабырғасында демалыс күндерін сәтті өткізіп, келесі жаңа оқу жылына тамаша көңіл-күймен оралуға тілектестігін білдірді.

Мерекелік шарада аудан басшысы лагерь белсенділерімен бірге бейбітшілік символы ретінде ақ көгершін ұшырды.

Қызықты кеште «Жалын» сауықтыру лагерінің тынығушылары рапорт қабылдап, лагерь туын салтанатпен көтерді. Киелі өнерді жанына серік еткен жас өнерпаздар ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сондай-ақ, биылғы маусымда «Жалын» сауықтыру лагеріне 6 ауысымда 700 бала, мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлерінде 5000 бала, облыстан тыс лагерлерге 120 баланы демалдыру жоспарланды. Демеушілердің қолдауымен 100 бала Арал ауданындағы «Қамбаш» лагеріне және 1000-ға жуық бала Түркістан қаласының тарихи құндылықтарымен танысып, қасиетті Қорқыт Ата кесенесіне экскурсияға жіберілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<