ҚАЖ департаменті ЗК-169/1 мекемесінің мәжіліс залында Қызылорда облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының әдіскері Ж.Ерекешова,оқытушысы Л.Ортаева және ҚАЖ департаментінің мемлекеттік тілде аудармашысы Д.Достанованың қатысуымен мекеменің жеке құрам қызметкерлері бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» тақырыбы аясында жиын өтті.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті. Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Қызылорда облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының әдіскері Ж.Ерекешова мекеме қызметкерлеріне Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат берді.Сонымен қатар Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстарын айтып өтті. Қызылорда облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының оқытушысы Л.Ортаева жеке құрам қызметкерлерінің сұрақтарына толықтай жауап берді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймыз. Себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық – тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Екіншіден, қарапайым тілмен жеткізсем, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз.
Бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білеміз.
ЗК-169/1 мекемесінің мемлекеттік
тілде аудармашысы А.Битаева
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<