Әлемдегі ең қымбат бренд

550

0

Әлемдегі ең қымбат бренд Ағылшынның WPP және Kantar Millward Brown компаниялары тарапынан түзілген «әлемдегі үздік 100 бренд» көшін америкалық Amazon онлайн-ритейлі бастады. 
Amazon брендінің құны бір жыл ішінде 52 пайызға, яғни, 315,505 миллиардқа өскен. Ал Apple бір жыл ішінде бар-жоғы 3 пайызға ғана өсіп, (309,527 миллиард доллар) рейтингтегі 2 орнын сақтап қалды. Google соңғы 3 жыл ішінде алғаш рет үшінші орынға түсіп кеткен.
Үздік төрттік пен бестікке Microsoft пен Visa жайғасқан. Қытайдың Alibaba бренді Tencent телекоммуникация корпорациясын басып озып, Қытайдың ең қымбат брендіне айналған. Жалпы рейтинг 3,7 миллионнан артық тұтынушының 160 мың брендті бағалауының арқасында түзілген.

Дереккөз: 
massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<