Lesson study – сабақты зерттеудің тиімді әдісі

1202

0

Мұғалімнің білімін жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекетті зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын Lesson Study әдісі қазіргі кезде оқыту үдерісінде табысты қолданылуда.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында оқыту үдерісінде «Lesson Study» тәсілін қолданудың тиімділігін арттыру бойынша курстан кейінгі қолдауға бағытталған «Lesson study – сабақты зерттеудің тиімді әдісі» тақырыбында тәжірибелік семинарұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Қызылорда облысының аудандарынан 2022 жылы пәндік курстан өткен орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінен сабақ беретін 70-ке жуық мұғалім қатысты.

Семинар жұмысында мектепте «Lesson Study» тәсілін қолдану, сабақ жоспарын бірлесе құру, талдау, бақылау, жоспарға өзгерістер енгізу, барлық оқушыларды белсенді оқу үдерісіне тарту, жинақталған тәжірибені әріптестермен бөлісу сынды түйінді мәселелер қамтылды.

Тәжірибелік басқосу оқыту және оқу үдерісінде кездесетінқиындықтарды анықтаудан басталды. Ұсынылған қиындықтар негізінде «Lesson Study» тақырыптарын анықтау мүмкіндіктерін кеңейту, мектептің қажеттіліктеріне орай «Lesson Study» типтерін таңдау, жалпы үдерісті енгізу циклімен таныстыру және аталған тәсілді енгізудің алты қадамы егжей-тегжейлі қарастырылды.

Семинар жұмысына қатысушы педагогтер «Lesson Study» тәсілінің жоспарлаудың тиімділігін арттыру, оқушылардың қалай оқитынын түсіну, оқыту әдістемесін жетілдіру, талдау және үдерісте оқушы әрекетін бақылау, оқушылардың оқу сапасын арттыру, LS мүмкіндіктерін тәжірибеде қолданутиімділігіне жоғары баға берді.

Гүлназ Таумаханова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<