Lesson Study – сабақты зерттеудің тиімді әдісі

136

0

Фото: автордан

Әрбір мұғалім үшін кәсіби білімін жетілдіру, құзыреттілігін арттыру басты мақсат болып табылады. Себебі, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді.

Қазіргі кезде оқу үдерісінде мұғалімнің білімін жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекетті зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын Lesson Study әдісі табысты қолданылып келеді.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №171 орта мектептің педагогтеріне курстан кейінгі қолдау, сабақтағы іс-әрекетті зерттеуге бағытталған Lesson Study тәсілін меңгерту, оқыту мен оқу үдерісін табысты жоспарлау, мектеп педагогтеріне әдістемелік көмек беру бағытында «Lesson Study технологиясының негіздері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысын кафедра меңгерушісі Ұлтай Ешимова жүргізді. Семинар жұмысы алдымен LS технологиясын енгізудегі ең маңызды мәселе – зерттеу бағытын анықтауға арналды. Ол үшін мұғалімдер пәндер бойынша топтастырылып, оқудағы және оқытудағы қиындықтарды анықтады. Анықталған қиындықтар бойынша мектеп үшін және әрбір педагог үшін зерттеу мәселелері мен тақырыптары айқындалды. Lesson Study үдерісінің әлемде қалыптасқан қолданыстағы үш түрі, олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктері талқыланды.

Семинар соңында педагогтер өз тәжірибелерін зерттеу арқылы оқушылардың үлгерімі мен оқу сапасын арттыруға болатыны жайлы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектесетін тиімділігі туралы ақпараттар берілді.
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, курстан кейін қолдауға бағытталған шаралар жыл бойы жалғасатын болады.

«Өрлеу» Қызылорда филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<