Әрбір педагог үшін кәсіби білімін жетілдіру, құзыреттілігін арттыру басты мақсат болып табылады. Себебі, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді.\
Мұғалімнің білімін жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекетті зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын Lesson Study әдісі қазіргі кезде оқу үдерісінде табысты қолданылуда.
«Өрлеу» Қызылорда филиалының ұйымдастырумен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сыныптарда Lesson Studyді өткізу ерекшеліктері, өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.
Курс тыңдаушыларын курстан кейінгі қолдауды жүзеге асыру, аталған пәндерді оқытуды жетілдіру мақсатында сабақты зерттеу тәжірибелерімен бөлісу, сабақтағы оқыту мен оқу үдерісін табысты жоспарлау, педагогтерге әдістемелік көмек беру бағытында ұйымдастырылған шараға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Онлайн форматта өткізілген дөңгелек үстелде педагогтер Lesson Study тәсілінің артықшылықтары, сабақты зерттеу үдерісінің ұжымның әлеуетін көтерудегі рөлі, Lesson Study-де зерттеу тақырыбын таңдаудың маңызы, зерттеу сабағын ұйымдастыру қадамдары, оқушы белсенділігін арттыруға ықпалы, оқушылардың сыни ойлау дағдыларын ойын арқылы дамыту жолдарын зерттеу, әдебиеттік оқу сабағында Lesson Study-ді қолдану тәжірибесі, ескеретін негізгі ұстанымдар және т.б. бағыттар бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Дөңгелек үстел барысында мұғалімдер мынадай сұрақтар төңірегінде ой бөлісті:
- Lesson Study-дың тиімділігі неде?
- Lesson Study-дің мұғалімдер үшін тиімділігі неде?
- Lesson Study тобына кімдер қатысады?
- Lesson Study жүргізуде неге мән берген дұрыс?
- Lesson Study өткізу үшін тақырыпты қалай таңдаған дұрыс?
- А, В, С деңгейіндегі оқушыларды қалай таңдауға болады?
- Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін қалай білуге болады?
- Lesson Study-ден кейінгі талқылау кезінде неге мән берген дұрыс?
- Сабақты бақылау кезінде неге мән беру керек?
Педагогтеріміздің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, курстан кейін қолдауға бағытталған шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Ақманат Басанова,
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<