Әлеуметке – әрдайым басымдық

457

0

Әлеуметке – әрдайым басымдықЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік салаға әрдайым басымдық беріп келеді. Соның бір айғағы – 5 әлеуметтік бастама. Оған қоса, биыл – Жастар жылы. Әрине, бізде жастар саясатын жүзеге асыратын нақты нормативтік құжаттар бар, бірақ барлық салада олардың өмірін жақсартуды көздейтін жүйелі жобаларды бір жылда қолға алу мүмкіндігі бұрын болмаған.
«Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысының басты аудиториясы да – жастар. Біз 2050 жылы ең дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат етіп отырмыз. Ал сол күнге жеткенде Қазақстанды одан əрі ілгерілететін – бүгінгі буын, жас ұрпақ. Сондықтан аталған бағыттағы əлеуметтік жобаларды жүргізу жолында Үкіметпен тығыз жұмыс істейміз. Экономиканың дамуына көз жүгіртсек, Қазақстан қазіргі таңда орталық Азия елдері немесе ТМД мемлекеттері арасында локомотив ел ретінде қалыптасты. Дегенмен Өзбекстан, Қырғызстан сынды көршілес мемлекеттер де қарқынды дамып келеді. Сондықтан жыл сайын экономикамыздың 4-5 пайыз өсуіне тоқмейілсімей, даму қарқынын одан əрі күшейте беруіміз керек.  
Экономист əрі осы саланың шолушысы ретінде субъективті пікірім: біз тұрған жерімізді пайдаланып, сервистік экономиканы дамытуымыз қажет. Экономикасы жағынан алда келе жатқан елдердің қатарына қосылуға тым ерте екенін түсінеміз əрине, алайда солардың мүмкіндіктерін пайдаланып, оларға жоғары сапалы сервис ұсынатын мемлекет болып қалыптаса алсақ, ел экономикасы мен əлеуетін дамытуға зор септігін тигізеді.
Мұхтар МӘНКЕЕВ,
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<