ӘЛЕУМЕТТАНУ – ҚОҒАМНЫҢ АЙНАСЫ

448

0

Әлеуметтану –  елде және қоғамда кездесетін шағын әрі ауқымды мәселелердің барлығын қарастыратын ғылым болғандықтан, қызық әрі өзекті сала. Адамның әрекеттері мен оларды соған итермелейтін күшті түсінудің өзіндік қиындықтары бар. Қоғамды адам ағзасы десек, ағзадағы кінәратты емдеу үшін алдымен түрлі талдамалар жасалады. Талдаулар нақты әрі дұрыс болғанда ғана қисынды диагноз қойылады. 

Облыстық ішкі саясат басқармасы және “Сыр медиа” ЖШС жанындағы ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен өткен “Әлеуметтанушының қоғамдағы рөлі” атты облыстық семинарда күрделі саланың зерттеу әдістері таныстырылды. Семинарға облыстағы белгілі саясаттанушылар, журналистер, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері және осы саланы зерттейтін ақпараттық талдау орталығының мамандары қатысып, өзара теориялық және практикалық тұрғыда пікір алмасты. Семинарды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов жүргізді.

Әлеуметтанудағы қоғамдық өмірді зерттеуге қажетті құралдар әлемді түсініп қана қоймай, оны жақсартуға да көмектеседі. Семинарда  әлеуметтік зертеулермен айналысып жүрген “Сыр медиа” ЖШС жанындағы ақпараттық талдау орталығының жетекші сарапшысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі Н.Қаражан әлеуметтанулық зерттеулердің әдістері мен қоғамдағы рөлі туралы баяндады. Облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы, Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушысы, саяси ғылымдар кандидаты С.Сахиев аймақта әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізудің тиімді әдістері туралы айтты.

Семинардан соң қоғамдық-саяси аxуалын зерделеуші мамандарға, аудандар және Байқоңыр қаласы бойынша ақпараттық талдау орталығының интервьюерлері мен сарапшыларына, БАҚ өкілдеріне сертификат табыс­талды.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<