ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

393

0

Елбасының сарабдал саясаты арқылы мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі қалыптасты.

Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында мемлекеттік қызмет көрсетуді еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші екенін атап өтті.

Аталған қызметті көрсетуші органдардың басты мақсаты – азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау. 

Президент биылғы Жолдауда «ХХІ ғасыр барған сайын күрделеніп бара жатқан бүгінгі заманғы мемлекетті басқаруға жоғары талаптар қояды» деген болатын. Бір жағынан қағаз бастылықтан арыла алмай келе жатқанымыз рас. Осыған байланысты Елбасы Жолдауда ең әуелі рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту керектігін назарға алды. Сондай-ақ, электронды үкіметті дамыту, компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде тапсырма жүктеді. Мемлекет басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін.

Ендігі жерде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болары сөзсіз. Ол тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс.

Алия ИСКАКОВА,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 

агенттігінің облыс бойынша 

департаментінің бас маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<