Әлеуметтік сала қызметкерлері республика бойынша үш номинацияны иеленді

431

0

Кеше Астана қаласында «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» мерекесіне арналған салтанатты шара болып өтті. Шара барысында республикалық «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» конкурсының жеңімпаздары марапатталды.

Қызылорда облысынан қатысқан үміткерлер үш номинацияның жеңімпазы атанды. Олар:

«Әлеуметтік саладағы үздік менеджер-ұйымдастырушы» номинациясының иегері – Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі директорының орынбасары – Кенжебаева Гульмира Айбасовна.

«Үздік медициналық-әлеуметтік мекеме» номинациясының иегері – Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мекеме директоры Шамшатова Айгүл Бердібекқызы.

Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы – «Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Айтимов Абдималик.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<