Әлеуметтік жобалар әлеуеті

326

0

«Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің мем­ле­кеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Оңтүстік өңір­дегі мемлекеттік әлеуметтік тап­сырыстың іске асырылуына мо­ни­торинг жүргізу (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, Шымкент қ.) қыз­ме­тін көрсету іс-шаралар ке­ше­нінің кезекті қорытынды кез­де­суін Қызылорда қаласында өткізді.

Мақсат – мемлекеттік әлеу­меттік тапсырыс аясын­дағы маңызды жобаларды тиімді іске асыруды қам­тамасыз ету бойынша уақытылы және жедел шараларды қабылдау.

Кездесуде «Жастар fest – Qyzylorda» шығармашыл жас­тарды дамыту орталығы қыз­метін ұйымдастыру және «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында жас­тар арасында ақпараттық-наси­хат­­ жүргізудің мониторинг нәти­­желері талқыланды. Сонымен қатар, «Жергілікті ат­қарушы органдары мен мемлекеттік әлеуметтік тап­сырысты іске асыру сала­сындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарын сақтауы»,  «Мемлекеттік әлеу­меттік тапсырыс аясында көр­сетілетін әлеуметтік жобалар бенефициарларының қана­ғаттану деңгейі», «Қоғамдық мониторинг жүргізу барысында анықталған фактілерді жою бойынша ұсынымдар» және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру сапасын арттыру бойынша ұсыныстар» тақырыптары қамтылды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жоба­ларға қатысқан қызмет алушы­лардың пікірлері тыңдалып, сапаны арттыру бойынша ескертулер мен ұсыныстар жасалды.

Мониторинг қорытындысы бойынша кездесуге қыз­мет алушылар, тапсырыс беру­­шінің және өнім беру­шінің өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шарада материалдар таратылып, кері байланыс ретінде сауалнама алынды.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<