«Интер Майами» клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2023 жылдың қорытындысы бойынша үздік ойыншыға берілетін ФИФА-ның сыйлығына ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Best FIFA Football Awards марапаттау рәсімі Лондонда өтті. Месси сыйлыққа осымен үшінші рет ие болып отыр. Мұның алдында Месси ФИФА-ның The Best сыйлығын 2019 және 2022 жылдары алған.
Осылайша, Месси «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдуды басып озды. Португалиялық 2016 және 2017 жылдары алған. БІрақ марапаттау кешіне футболшының өзі келген жоқ.
Ал Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев пен құрама капитаны Асхат Тағыбергеннің кімге дауыс бергені белгілі болды.
Асхат Тағыберген бірінші орынды Мбаппеге берсе, екінші орынды Мессиге, үшінші орынды Марсело Брозовичке берді.
Бас бапкер Магомед Адиев бірінші орын Лионель Месси, екінші орын Кевин Де Брюне, үшінші орын Киллиан Мбаппе деп дауыс берген.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<