Алматылық Замира Алимова бір мезетте 1 миллион теңгенің иесі болды. Ол ұтыстың бір бөлігін мұқтаждарға бөліп бермек. Естеріңізге салып өтейік, бұның алдында лотереядағы ұтысын толығымен балалар үйіне таратқан ташкенттік милиционер туралы жаңалық Өзбекстан мен шекаралас мемлекеттерге таралды.
Әдеттегідей Замира теледидар экранының алдында отырып, билетіндегі сандарды тексеріп отырды. Сандарды бірінен кейін бірін белгілеп отырған ол, ұтыс ойыны аяқталған кезде, 8 санның 8-і сәйкес түскенін түсінді. Замира ұтысты болғанын сенбі күні білгендіктен, дүйсенбі күні таңертең «Сәтті Жұлдыз» компаниясының кеңсесіне аттанып, қажетті құжаттарды толтырып, сол күні кешке ақшасын алды. Алматылық тұрғын ұтысын қалай жұмсайтынын әлдеқашан шешкен.
– Бұл соманың бір бөлігі міндетті түрде қайырымдылыққа жұмсалады. Мен баласы науқастанып қалған танысыма көмектескім келеді. Ал қалғанын жақындарыма жұмсаймын, – дейді Замира.
Айтып өтерлік бір жайт, Замира лотереяны тираждық ойындар ашылғалы, наурыз айынан бастап ойнап келеді. Ең қызығы, ол үнемі бірдей сандарды – өзінің және туыстарының туған күні мен жылын белгілейді екен. Бұдан бөлек, ол ұтыс тігуін бір-ақ жерде, Достық шағын ауданындағы үй жанындағы дүкенде жасайды.
«Сәтті Жұлдыз» АҚ-ның Президенті Александр Тен Замиру Алимованы студияда арнайы құттықтап, сертификатты табыстады.
– Бүгінгі таңда 700 млн теңгеге жуық ақшаны лотерея қатысушылары ұтып алған. Біздің жүлде қорымызда миллиардтаған қаражат бар. Қазақстандықтар үлкен сомаларды ұтып жатқанда, біз қатты қуанамыз. Жеңімпаздар күн сайын анықталып жатыр. Барлық үдерісті Мәдениет және Спорт Министрлігі бақылайды. Жақын адада «Сәтті Жұлдыз» жаңа ойындарды ұсынбақ.

Массагет.кз
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<