Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсініктеме берді

289

0

ҚР Ұлттық банкі валюта нарығындағы ахуалға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінен хабарлағандай2018 жылғы 13 тамыздағы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 доллар 363 теңгені құрады. Бұл өткен күндермен салыстырғанда, теңге 15 АҚШ долларына өсіп немесе 1,8%-ке дейін құнсызданды.

«Бұл дамушы елдер валюталарының жалпы әлсіреуі нәтижесінде болып жатқан құбылыс», – деп түсіндірді ҚР Ұлттық банкінен.

Дамушы елдердің ақша нарығындағы жағдай геосаяси шиеленістен туындап отыр. Сондай-ақ, АҚШ-тың Ресей, Қытай, Түркия сияқты елдерге салып отырған санкциялық саясатының көрінісі. Бұл дипломатиялық қатынастардың шиеленісуіне әкеліп отыр.

«АҚШ долларының әлемдік қаржы нарығындағы жалпылама нығаюы байқалады. Бұл экономикадағы оң тенденцияның ықпалында АҚШ Федералды резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемесін көтеру жағдайлары болжануда. Бұл факторлар дамушы елдердің нарығындағы капиталдың дамыған елдер нарығына құйылуына ықпал етті», – делінген хабарламада.

Айта кетейік Ұлттық банк теңге бағамын еркін айналымға жібергені белгілі. Сондықтан да теңге курсы фундаменталды факторлардың ықпалымен, нарықтық жағдайға сай қалыптасады.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<