Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мұнан соң «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Жолдауда халқымыздың тұрмыс тірішілігін көтеретін жайттар айтылса, мақалада қазақ халқының қайта жаңғыруына мүмкіндік жасалғандай. Өйткені бұл мақалада айтылған құндылықтардың маңызы ерекше. Елбасы «Өткенін мақтан тұтып, бүгіннің нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту-еліміздің табысты болуының кепілі»-деп айтқандай, бүгінгі жаhандану заманында қазақ халқының тарихи асыл мұраларын жоғалтпай, қазақтың арғы өз ата-бабаларының салт-дәстүрін мұраға қалдыру үшін жұмыс екенін де білген абзал және мақтануға тұрарлық.
Бүгінде Қазақстанды әлем таниды. Бұл мақала тарихты терең зерттеп, зерделеу, өткен шақтың елеусіз қалған тұстарын, сондай-ақ ірі тұлғалардың есімдерін жаңғырту аса маңызды екендігі турасында. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы мұрағаттық материалдарды мұқият зерделеу барысында тарихтың көмескі тартқан, тасада қалған, батырлық пен даналықты паш етер беттерін шынайы түрде жарыққа шығаруға, бұрмаланған деректерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда біз әлемге әйгілі қазақ халқының тайқазанмен, «Алтын адамымызбен», Ежелгі Отырар қаласымен және де басқа да құнды мұрағатымызбен мақтана аламыз. Біздің байтақ жерімізде әлі де ашылмаған ежелгі дүниенің құндылықтары және ірі тарихи оқиғаларымыз бар. Міне соның айғағы ретінде мақалада Елбасы Қазақстанның тарихи сабақтастықтың жалғастырушы қасиетіне, қазақ даласының ұлы жетістіктеріне және қазақ халқының бүгіні мен ертеңіне аса мән берген. Өзінің өткенімен мақтану, үздік дәстүрлерді ұрпақтарына сіңіру, жарқын болашағына сену –толық қалыптасқан әрі өзіне сенімді адамның ісі. Сондықтан әрбір қазақтың азаматы ұлттық құндылықты жоғалтпау-ол біздің де болашақ жастардың да парызы.
Ғани Темірбаев,
Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<