Қазақ халқының бас ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 174 жыл толуына байланысты Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі Байқоңыр қалалық филиалы мен Төретам кенті клуб үйінің ұйымдастыруымен «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты әдеби кеш өтті.
Шарада филиал төрайымы Қанымша Сыражанова, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі өкілінің жұмысын қамтамасыз ету басқармасының бөлім басшысы Гүлсара Көшкінбаева Абай Құнанбаевтың өмір жолына тоқталып, қатысушыларға жылы лебізін білдірді.
Төретам кенті клуб үйінің жас өнерпаздары Ажар Темірбаева, Айым Жыған, Мәдина Мүсілімова, Жанел Тобаева, Әсел Сақташева, Сандуғаш Матжанова, Мерейім Бекмұратова мен Ақниет Қонысбек Абай мен Шәкәрім шығармаларынан үзінді оқыса, «Жазира» би тобы көрермендерін өнерімен тәнті етті.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
Байқоңыр қаласы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<