Мәдениет қайраткерін еске алды

933

0

Қ. Қазантаев атындағы мәдениет үйінде «Жаны жарқын жан еді…» атты өнер және мәдениет қайраткері, аудан руханиятының көшбасшысы, кемел тұлға Комвуз Әбдрашитұлы Бердаулетовті еске алу кеші өтті.

Комвуз Әбдрашидұлы Бердәулетов аудан өнерін ақиқат биігіне көтерген, алтын арай таң болып, жалын жүрек-от өрген, «Атамұра» ұлт аспаптар оркестрінің негізін қалаған, «Қызғалдақтар» мен «Алтын-Арай» халық ән-би ансамбльдерінің алтын қазығын өз қолымен қаққан.Комвуз Бердәулетов мәдениет саласын басқарған кезеңдерде ауыл мәдениетін көтеруге көңіл бөліп, мәдениет ошақтары жоқ елді мекендер мен ферма орталықтарына Қызыл Отау жылжымайтын кітапхана ұйымдастырды. Жаңадария кеңшарында Аққолқа, Бестам, Жалағаш кеңшарында Ақшал, Аққырда Шәргелтай қызыл бұрыштары ашылды. Облыс көлемінде тұңғыш рет мердігерлік әдіспен жұмыс жүргізетін отбасылық жылжымалы клубтар ұйымдастырылып, малшылар мен егіншілерге мәдени қызмет көрсетіле бастады.

Мәні де маңызы да жоғары кеште аудан әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлы сөз алып, Комвуз Бердәулетовтің тұлғалық келбетіне, шығармашылық өмір жолына тоқталды. Шарада қаламгер шығармашылығына арналып “Есімі ер есінде” атты тақырыптық көрме ұйымдастырылып,мәдениет қайраткерінің өмірбаянын арқау еткен шағын көрініс көрсетілді.

Еске алу кешінде бас қосқан аға-інілері,әріптестері мен туысқандары естеліктермін бөлісті. Ардақты азаматтың жарқын бейнесі, жайдары кейпі жерлестерінің жадында мәңгі сақталары сөзсіз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<