Сурет ашық дереккөзден
Күн санап гүлденіп, сәт санап даму жолына түскен бүгінгі қоғамның басына қара бұлт төндіріп, алдыға жылжуы қажет процесстерді тежейтін түрлі проблемалар бар. Ал, осы мәселелердің күнделікті қарапайым іс ретінде етіміз үйреніп, тұрақты құбылыс ретінде қарауымыз аса қорқынышты дерт.
Әрине, менің алғашқы ойларымнан-ақ түсінгеніңіздей бұл проблема – сыбайлас жемқорлық. Біз күнде теледидардан көріп, газет-журналдардан оқып, интернет беттерінен қарап жүрген тақырып.
Айта-айта адам жалығатын осы бір кеселден құтылудың жолын әркім өзінше іздейді. Өз тұжырымында саралайды. Бірақ неге осы мәселені түбегейлі шешпейміз?
Сонау ерте замандардан бері сыбайлас жемқорлықтың түрлі деректерде көрініс тауып келеді. Тіпті бүтін империялардың құлдырауына тікелей себеп болған да осы сыбайлас жеңмқорлық.
Саралап қарасаңыз кішкентай мәселелерді шешу үшін шағын әрекеттермен сыбайласу амалдары бірте-бірте көбейіп мемлекеттің күнделікті құбылысына айналып кетеді. Ал, осы құбылыс бүтіндей бір қоғамды құртып тынады.
Әрине, біз бұл тақырыпта түрлі тұжымдар мен шешімдерді шығардық. Дегенмен, мәселенің түп-төркіні мәдениетке келіп тірелетіндей. Себебі, мәдени толысқан, рухани құндылығы кемелденген адамның жемқорлық әрекеттеріне баруы мүмкін емес.
Парасат пайымын жақсы тәрбиемен, ұлттық құндылықтармен және кең таныммен толтырған адам қай уақытта да қоғамға зиян келтірмейді. Ал, біздің қоғамда осындай тұлғалардың үлес салмағы артуы жемқорлықтың алдын ала алады.
Ертеңгі елдің жарқын болашағын жемқорлықсыз қалыптастыратын да біздің мәдени толысқан жас ұрпақ. Оны тәрбиелеу ұлттық руханиятымыздың шамшырағы болған мәдениет қызметкерлерінің үлесіне көбірек тиеді. Ұлы ойшыл Әл-Фараби бабамыз айтқандай, «тәрбиесіз бергілген білім – адамзаттың қас жауы».
Осы тәмсіл мәдениетімізге бастау бағдары болуы тиіс.
Қонысбек МӘЛІК,
облыстық халық шығармашылығын дамыту
және мәдени-продюсерлік орталығының маманы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<