Мәдениет – ұлттың мәйегі

439

0

Сурет өңірлік коммуникациялар қызметінің фейсбук парақшасы

Жыл басынан бері өңірімізде 2 мәдениет нысаны және 6 спорт кешені халық игілігіне берілді. Жыл соңына дейін тағы 3 мәдениет нысаны мен 5 спорт кешенін пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі баспасөз конференциясында баяндады.

Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі. Елдің елдігін, ұлттың ұлылығын мәдениетіне қарап бағамдауға болады. Бүгінде Қызылорда облысында 410 мәдениет, өнер, архив және 41 спорт мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Мәдени ошақтардың бой көтеруі өңір мәдениетінің өркендеуіне оң өзгеріс алып келеді.- «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Тереңөзек кентіндегі «Сырдария» спорт клубының ғимаратына, Шиелі ауданы, Көкшоқы шағын ауданындағы спорт кешенінің ашық алаңына, Жаңақорған ауданы Әбдіғаппар ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Отбасылық құндылықтарды нығайту, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру және заманауи қазақ анасының бейнесін қалыптастыруға бағытталған «Анаға тағзым» және «Отбасы» орталықтары пайдалануға берілді. Аймақ басшысының бастамасымен көпфункционалды 1000 орындық «Өнер» орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жыл соңына дейін пайдалануға беру күтілуде,» – деді Мира Жомартқызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<