Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр ұлықталған күн

436

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы «Наурызнама» онкүндігі жалғасын табуда. Осыған сәйкес, 16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аталып өтуде.

Бүгін Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінің алаңында сал-серілер келіп қонақтап, халық әндерінен шығармалар орындап, күй тартыс және термелер орындалды. Жиынға жиналған жұртшылық бесікке салу, тұсаукесер, сырға салу және қыз ұзату рәсіміне куә болды. Ардақты ағаларға арнайы қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.

Салт-дәстүрлердің барлық ырымдары мен жол-жоралғылары орындалды. Үлкендер тарапынан бата-тілектер білдіріліп, шашу шашылып, ырым жасаған жандарға көйлек, жаулық секілді сый таратылды.

Қазақтың мәдениеті, өнері мен ұлттық салт-дәстүрі – ұлттың мәдени коды болып табылады. Бұл күн ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, салт-дәстүрімізді дәріптейтін, қазақы болмысымызды айшықтайтын ерекше күн.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<