ШОБ қызметкерлері МӘМС пакетінен медициналық көмек алу үшін олардың жұмыс берушілері ай сайын 1 қазанға дейін Қорға жалдамалы қызметкерлер туралы ақпаратты беруі тиіс, – деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Қор филиалының басшысы түсіндіріп өткендей, жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің тізімін ай сайын 25 күннен кешіктірмей электронды форматта ұсынуы тиіс. Бұл үшін, олар Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындаhttps://msb.fms.kz/login сілтеме бойынша өтуі тиіс жәнетізімдегі БСН бойынша өз ұйымын табу (осы тізімде БСН болмаған жағдайда ұйымды тіркеу мүмкін емес). Бұдан кейін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы заңды тұлға немесе ЖК тіркелу және Қордың ақпараттық жүйесіне кіру және пайдаланушылық келісімге қол қою қажет. Одан әрі МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН-і қосылады – бұл Excel бір файлымен де, әр жеке қызметкерге жол-жөнімен де жасалуы мүмкін. Кейіннен деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ, тек осы деректерді өзектендіру қажет болады. Өз кезегінде, бұл ақпарат ай сайын мемлекеттік кіріс комитетіне берілетін болады.
Егер ШОБ кәсіпорындарының бірінің қызметкері емханаға келіп, қандай да бір себеппен сақтандыру бойынша медициналық көмекке үміткер бола алмайтынын байқаса, онда ол деректерді Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы өз бетінше жібере алады. Мәселен, қосымшаны жүктеу, электрондық мекен-жайы, тегі, ЖСН, телефон нөмірі көрсетілген тіркелу және осындай форматтағы өтінішті жазу қажет: «Мен, ШОБ қызметкері, оның иесі салықтардан және әлеуметтік аударымдардан босатылған, бірақ сонымен бірге мен туралы ақпаратты медициналық сақтандыру қорына бермеген». Бұдан әрі ұйымның БСН, жұмыс берушінің ЖСН және өз ЖСН көрсету, осы жұмыс берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжатты тіркеу қажет (тағайындау туралы бұйрық немесе еңбек келісім-шарты).
Операторлар жарты сағат ішінде осы ұйымның ШОБ босатылған субъектілер тізіміне сәйкестігін салыстырып, жағдайды анықтайды және осы қызметкерге бір айға мәртебе береді. Бұл жағдайда ол жұмыс берушімен Қордың ақпараттық жүйесі арқылы ол туралы ақпаратты енгізу туралы өтінішпен жүгінуі керек, өйткені қызметкер осы ақпаратты алғаннан кейін ғана сақтандырылған болып саналады.
ШОБ үшін жеңілдікті кезеңді ұзарту – бұл шағын және орта кәсіпорындарды қолдау шарасы болып табылады. Яғни, бұл кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысынан салық пен аударымдарды ұстамайды, бұл ретте олар медициналық сақтандыру пакетіне толық қол жеткізе алады. Бұдан басқа, МӘМС үшін жарналар осы жылдың наурыз айында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақылармен ұсталынбайды, – деп атап өтті Бақыт Исмаханбетов.
ШОБ 29 санатының толық тізімімен Үкіметтің № 224 «Салық салу мәселелері бойынша экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулысында танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жүйесі Қазақстанда 1 қаңтардан бастап жұмыс істеп келген болатын.
1 сәуірде жарна төлеу бойынша жеңілдік кезеңін ұзарту туралы жарияланды, оның ішінде өзінің сақтандыру мәртебесін анықтау, жарналар жасау және МӘМС қатысушысы болу қажет болды.
1 шілдеде МӘМС жүйесінде қазақстандықтар үшін жеңілдік кезеңі аяқталды. Осы уақытқа дейін барлығы шартты түрде сақтандырылған деп саналды және тиісінше МӘМС пакеті шеңберінде медициналық көмек алуға құқылы болды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<