МӘМС жүйелі жұмысты қажет етеді

616

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Облыс тұрғындарын МӘМС жүйесіне енгізу өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай, бүгін облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін өзектендіру бойынша арнайы штаб отырысы өтті.
Жиынға жауапты сала басшылары, департамент өкілдері және аудан әкімінің орынбасарлары тікелей қосылым арқылы қатысты.
Штаб отырысында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы МӘМС жүйесіне тұрғындарды сақтандыру бойынша негізгі көрсеткіштерге тоқталып, жалпы қорытынды жасады. Оның айтуынша, бүгінде облыс бойынша 673 156 тұрғын аталмыш жүйеге сақтандырылып, жалпы көрсеткіш 82,5 пайызды құрады. Ал қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 21 мыңнан астам азамат МӘМС жүйесіне енгізілді.

-Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда МӘМС жүйесін тұрғындар арасында өзектендіру маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Осы уақытқа дейін аталмыш мәселеге қатысты үш рет облыстық штаб отырысы өтті. Жүргізілген негізгі жұмыстардың арқасында МӘМС жүйесіне облыс тұрғындарын енгізу шаралары жақсы деңгейде атқарылды. Бұл жұмыстарды алдағы уақытта да тоқтатпаймыз. Халық арасында насихаттау жұмыстары да үздіксіз ұйымдастырылады, – деді облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы.

Өз кезегінде «МӘМС жүйесіне облыс тұрғындарын толық тарту мәселелері» бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов баяндама жасады. Одан кейін аудан әкімдерінің орынбасарлары сөз алып, жалпы көрсеткіштерге тоқталып өтті.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары облыстағы қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалына байланысты сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін айтты. Бұл мәселеге байланысты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова толықтай эпид жағдайды баяндап өтті.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<