Мәслихат аппаратының басшысы тәртіптік жазаға тартылды

781

0

Қазалы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарға жол бергені үшін тәртіптік жазаға тартылды.

Бұл туралы шешім Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қабылданды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Батыс аймағы бойынша ауданаралық басқармасы ұсынған материал негізінде Қазалы аудандық мәслихат аппаратының басшысына тәртіптік іс қозғалып, оның әрекетіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген.

Қызметтік тергеп-тексеру барысында мәслихат аппаратының басшысы туыстарының материалдық мүдделерін қанағаттандыру мақсатында өзінің тікелей лауазымдық өкілеттіктеріне жер мәселесі шешу құзыреттілігіне кірмесе де «Қызылорда газ» ЖШС директорына жер учаскесін сату үшін 2500000 теңге алып, жер учаскесінің құжаттарын ресімдеп беруге уәде бергендігі және ол бойынша қолхат жазғандығы анықталған, яғни мәслихат аппаратының басшысы лауазымдық өкілеттіліктерін жақын туыстарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға пайдаланып, өзінің іс-әрекетімен ҚР мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50-бабының 1-тармағының 2-тармақшасында көзделген талаптарын бұзған.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тәртіптік істің материалдарын жан-жақты қарап, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарға жол бергені үшін көпшілік дауыспен Қазалы аудандық маслихаты аппаратының басшысына «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» тәртіптік жазасын қолдану туралы шешім етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<