Мәслихат депутатымен кездесу өтті

754

0

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында «NurOtan» партиясы фракциясының мүшесі, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, Абылай хан атындағы №140 орта мектептің директоры Айгүл Мусабаевамен кездесу өтті.

Кездесу барысында мәслихат депутаты 2021 жылы партиялық жобалар арқылы халықтың барлық әлеуметтік топтарымен атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстармен таныстырды.

Халық қалаулысы қоғамдық қабылдауларда 4359 тұрғынның өтініштері тыңдалып, олардың 2646-сы шешімін тапқанын, «Біз біргеміз!» акциясы ұйымдастырылып, тұрмысы төмен 20 мың тұрғынға 130 млн теңгеге азық-түлікпен қолдау көрсетілгенін жеткізді. Сонымен қатар, білім саласының сапасы, білім берудегі менеджментті жетілдіру және т.б. өзекті мәселелер туралы пікірлерімен бөлісті.

Кездесу соңында мәслихат депутаты институт қызметкерлері тарапынан қойылған аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім саласына қатысты сауалдарына жауап берді.

Гүлхаят Махмутова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының PR, SMM маманы