Мәжіліс депутаттары Қазалы жастарымен кездесті

632

0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл және Ғалым Әміреев Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде аудан жастарымен кездесті.

Аталған жиынғаҚазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жалғасбаев және дербес бөлім басшылары қатысты.

Мәжіліс депутаттары Қазалы жастарымен кездесті

Басқосуды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ашып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген колледждің жас мамандар даярлауда орны ерекше екенін атап өтті.

Еркін форматта өткізілген кездесуде аудан жастары Мәжіліс депутаттары Бақытбек Смағұл мен Ғалым Әміреевке сауалдарын қойып, пікір алмасты.

Жастар тарапынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі бизнес бастау, мұғалімдердің жалақысына өзгерістер енгізу (категория бойынша) кәсіпкерлікті дамыту аясында болды.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаттары қойылған сауалдармен ұсыныс-пікірлерге нақты жауаптар берді.

Жиын соңында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің директоры Болат Ахметов осындай ауқымды кездесу ұйымдастырған аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Оқу ордасындағы жастармен кездесу басталмас бұрын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл және Ғалым ӘміреевҚазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің оқу материалдық-техникалық базасымен және республикалық «Жас маман» жобасы арқылы алынған заманауи құрал-жабдықтармен танысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<