ҚР Парламенті Мәжілісініңдепутаттары, «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Б.Смағұл және Ғ.Әміреев Қазалы ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан, азық-түлік бағасының және құрылыс заттарының қымбатшылығы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ауыл шаруашылығы және оқушылардың мектепке қатынауы туралы мәселелер қозғалды.
Мәжіліс депутаттары әрбір тұрғынның сауалдарына жеке-жеке тоқталып, заң аясында шешілу жолдарын айтып, қойылған сұрақтарды назарға алғандарын жеткізді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<