ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының Сыр өңіріне жұмыс сапары басталды. Апта ішінде ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Б.Кесебаева және Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Б.Смағұл мен Г.Шиповских Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында болып, елдегі ахуалмен танысты. Жергілікті тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездесіп, оң өзгерістерді жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Партия алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, сауалдарына заңнамалық тұрғыда кеңестер берді. Халық қалаулыларының жұмыс сапары 14 шілдеге дейін облыс орталығы мен барлық аудандарда жалғасады.
«MIRAS» КЕҢЕСІ
ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Б.Кесебаеваның қатысуымен «Miras» аймақтық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында білім саласы мен жаңа реформаларға қатысты ұсыныстар талқыланды.
ГАЗ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының «TALQILAU» алаңында өңірдегі газ сапасы, бағасы, тарифтер және басқа да мәселелер талқыланды. Талқылауға спикер ретінде ҚР Парламенті Мәжіліс төрағасының орынбасары, Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Балайым Кесебаева, сонымен қатар «QazaqGaz»Ұлттық компаниясы өкілдері мен өңірдегі жауапты сала басшылары қатысты.
ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ
«AMANAT» партиясының «Заңгерлік көмек» жобасы аясында алаяқтардың арбауына түсіп, банктерден негізсіз несие алған азаматтардың арыз-шағымдарына сәйкес, құқық қорғау органдары, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өңірлік басқармасы өкілдері арнайы қабылдау өткізіп, тұрғындарға құқықтық кеңестер берді.
АУЫЛ – ТӘРБИЕ ОРДАСЫ
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының бастамасымен партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында Мәдениет ауылдық округі, «Дарын», «Мәдени мұра», «Жастар» бастауыш партия ұйымдары және Мәдениет ауылдық ардагерлер, әйелдер кеңестерінің ұйымдастыруымен «Ауыл – тәрбие ордасы» тақырыбында «Балалар жылына» орай оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру іс-шарасы өтті.
Шараның мақсаты – қиын жағдайда қалған отбасы балаларымен және ауылда демалуға келген қала балаларына ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, еңбекке баулу және рухани демалыс ұйымдастыру.
СЪЕЗД ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы жастар қанатының кезектен тыс конференциясы өтті. Онда 11-14 шілде аралығында Ақмола облысы, Зеренді аумағында өтетін жастар қанатының кезек тыс VI съезіне облыстан қатысатын делегаттар сайланды.
КЕСТЕГЕ САЙ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Партия алаңында 4 қоғамдық қабылдау және 1 заңгерлік көмек бойынша тақырыптық қабылдау өткізіліп, оларға 20-ға жуық азамат өтінішпен келді. Қабылдаулар барысында 9 мәселе оң шешіліп, қалған өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жасалуда.
Аптада ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен 50, аймақтық және аумақтық филиалдар мен БПҰ-да кездесулер, тақырыптық қабылдаулар, партиялық бақылау және т.б. түрлі форматтағы 36 қоғамдық-саяси іс-шара ұйымдастырылды.





