Мәжілісте жер қойнауын тиімді пайдалануға бағытталған заң жобасының таныстырылымы өтті

178

0

Фото: Мәжілістің телеграм арнасынан

Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінде жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске көмірсутектер мен уран саласындағы жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобасының таныстырылымы өтті.

Құжат Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген. Іс-шараға жетекшілік еткен комитет төрағасы Еділ Жаңбыршин баяндамасында заң жобасының негізгі бағыттарын таныстырып, жер қойнауын барлау мен игерудің өзекті мәселелеріне тоқталды.

Таныстырылым барысында Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек заң жобасының жер қойнауын пайдалануды дамытуға ықпалы туралы айтты. Шетелдік тәжірибені ескере отырып, жаңа тәсілдер енгізу қажеттігін атап өтті.

Заң жобасында мына бағыттар қарастырылған: – геологиялық зерттеулерге инвестиция тарту;

– уран және мұнай-газ салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

– көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияларға басымдықпен берілген жер учаскелерін резервке қою мерзімін шектеу;

 – уран саласында барлау мен өндіру құқығын ұлттық компанияға беру;

– уранды қайта өңдеу және байыту технологияларын Қазақстанда дамыту жөніндегі міндеттемелерді белгілеу және басқалар.

Заң жобасы Еділ Жаңбыршин жетекшілік ететін жұмыс тобы отырыстарында талқыланатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<