Майдангер сүйегі туған жеріне жерленді

518

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Ұлы Отан соғысы, Совет кезіндегі қуғын-сүргін – бәрі де ұлтымыздың тағдырында аса үлкен із қалдырды. Соғыста бірі пленге түсіп, бірі майданда құрбан боп, қаншама адам із-түссіз кетті. Совет кезінде шет елдермен хабарласу, ол жақтан соғыс құрбандары мен пленге түскендер туралы дерек іздеу қиын болғаны анық.

Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана қолға алынған бұл жұмыстар ендігі жұмысын жалғастырып жатыр. 2019 жылы құрылған «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі осындай істерді жүйелі жүзеге асыруды мақсат еткен қоғамдық ұйым. Аталған ұйым арқылы кезекті бір ізденістің нәтижесінде Силан Мәметовтың сүйегі табылып, Сыр еліне, одан соң Қазалы ауданына әкелінді.

Жерлеу рәсіміне аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы қатысып, Қазалы аудандық Жанқожа мешітінің бас имамы Нұрдәулет Нәби марқұмның рухына құран бағыштады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<