Майк Тайсон қазақстандық теннисшінің ойынын тамашалауға барды

4089

0

Фото: ашық дереккөз

Бокстан аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның матчына барды, деп хабарлады turkystan.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Юлия Путинцева Майамидегі (АҚШ) жарыстың жартылай финалында Белорусь өкілі Виктория Азаренкоға қарсы ойнады. Үш сағатқа созылған матчта 6:7, 6:1, 3:6 есебімен Азаренко жеңіске жетті. Бұл ойынды америкалық кәсіпқой боксшы Майк Тайсон да тамашалады.

Айта кетейік, Майамидегі жарыста бақ сынап жатқан Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жартылай финалға шықты. Ол ширек финалда Грекия өкілі Мария Саккариді 7:5, 6:7(4), 6:4 есебімен ұтты. Енді Елена финалға өту үшін Путинцеваны жеңген әлемнің 32-ракеткасы, Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен кездеседі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<