Мал ұрлығымен күрес күшейтіледі

664

0

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбековтың төрағалығымен өткен жиында аудандық полиция бөлімінің өткен жылы атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды. 

Жиынға облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Е.Ахметов, аудандық мәслихат хатшысы Ә.Қошалақов, құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Тоқабаев , Жосалы кенті бойынша №4 аймақ учаскелік қадағалау аймағының  аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы А.Шәкімбаев, Ақжар ауылдық округі бойынша учаскелік полиция бөлімінің инспекторы Қ.Жұбандықов  хабарлама жасады.

Аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы А.Тоқабаев  баяндамасында жастар арасындағы қылмыстылық жағдайының көрсеткіштерін талдау және профилактикалық шараларды күшейту, балалардың жол көлігі жарақатының алдын-алу профилактикасы бойынша атқарған жұмыстарын кеңінен тарқатты. Аудан көлемінде жалпы құқық бұзушылықтардың және мал ұрлығының алдын алу, оны болдырмау бағытында атқарылып жатқан шаралары туралы айтып өтті.

Аудан басшысы Мұса Оспанұлы жыл басынан бері кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылық профилактикасы жұмыстарының аудандық полиция бөлімі тарапынан төмен болуына байланысты, осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, нақты атқарылған шаралар жөнінде әрбір комиссия отырысында есеп беруді ұсынды. Сонымен қатар мал ұрлығының алдын алу бойынша учаскелік полиция инспекторларының жұмыстар сараланып, қатаң бақылауға алуды, өсім алған қылмыс түрлерінің деңгейін төмендету бойынша пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды.

Жиын барысында облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Е.Ахметов алдағы уақытта құқық бұзушылықтың алдын алу мен болдырмау мақсатында  бірлескен жұмыстар тиісті деңгейде атқарылатынын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<