Маман болу — адам болу

243

0

Фото: ашық дереккөз

Қармақшы аудандық прокуратурасының «Заң және тәртіп», «Армандар орындалады» жобалары аясында №199 орта мектепте мектеп оқушыларымен еркін форматта кездесу ұйымдастырды.

Оған түрлі салада қызмет істеп, жоғары жетістікке жеткен, аталған білім беру мекемесін түлектері шақырылды.

Кездесуге Қармақшы ауданы прокурорының көмекшісі Әділет Сәду, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Каналбекқызы, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Бердібекұлы және №199 мектептің 1993 жылғы түлегі – Рахман Әлиасқарұлы, зум платформасы арқылы мектебіміздің 1991 жылғы түлегі- Берік Темірханұлы, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Раева Гүлжаухар Төлегенқызы, ауылымыздың учаскелік полиция қызметкері Қазбек Шарибекұлы арнайы қатысты.

Кездесу мектеп оқушыларының әдеби музыкалық монтажымен ашылып, мектеп психологы
Гүлзира Әбдібекқызының «Танысу тренингімен жалғасын тапты.

Сонымен қатар шарада тарих және құқық пәндерінің мұғалімі Аңсат Сәрсенбекұлы құрметті қонақтар мен жоғарғы сынып оқушылары арасында «Интеллектуалды ойын» ұйымдастырды. Ал 11 сынып оқушысы, биылғы түлегі Биғали Нұржанұлы өзінің таңдаған мамандығы жайлы презентация жасады. Шара соңы «Сұхбат-тайм» айдарымен қорытындыланды.
Кеш соңында мектеп директоры Жанат Алмабайқызы аға буынның өнегелі еңбек жолын жастарға үлгі етіп, алтын ұя мектептеріне деген құрметі үшін алғысын білдірді.
Оқушылар қызықты сұрақтарын қойып, мамандық таңдауға бағдар алды. Мұндай тағлымды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Айгерім Абылайқызы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<