Сенбі күні ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру жайы талқыланды.
Үкімет отырысынан кейін Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау бойынша арнайы мәжіліс өтті.
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды. Өнеркәсіп негізін қалыптастыру және экономикамызды өзімізді толық қамтамасыз ете алатындай жағдайға жеткізу қажеттiгi айтылды. Сонымен қатар, еліміздің туристік әлеуетін пайдалану, кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуы тиіс екені атап өтілді. Ішкі нарықты қорғау үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы жергілікті өнімдер мен қызметтердің үлесін кемінде 60 пайызға жеткізу міндеті қойылды.
Жолдау аясында орындалуы тиіс жұмыстар жан-жақты сарапталып, кеңейтілген мәжілісте талқыланады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<