Мақсат Шәкірбаев – облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

1149

0

Актив отырысында сонымен қатар, конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі лауазымына Шәкірбаев Мақсат Сәмитұлы тағайындалды.

Аймақ басшысы жаңа қызметтің тізгінін ұстаған Мақсат Шәкірбаевтың әділ әрі дұрыс шешім қабылдайтынына сенім білдірді.

– Мақсат Сәмитұлы осы кезге дейін жинақтаған мол тәжірибесі мен жоғары білімін облыстық жергілікті атқарушы органдар бойынша ұжымда моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда оларды қорғауға жұмсайды деп сенеміз.

Мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен тиісті деңгейде жұмыс жасауды тапсырамын, – деді облыс әкімі.

Мақсат Шәкірбаев 1981 жылы дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Заңтану» магистрі.

Еңбек жолын 2002 жылы облыстық прокуратураның прокуроры қызметінен бастаған. 2003-2007 жылдары Қызылорда табиғат прокурорының аға көмекшісі, 2007-2019 жылдары бірқатар орталық атқарушы органдарда түрлі жауапты қызметтерді атқарған.

2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің бас консультанты және Ұлттық экономика министрлігінің департамент директорының орынбасары болған.

2020 жылдан осы күнге дейін Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы қызметін атқарып келген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<